Балталанған жасыл шыршаны топтап сатып жатқандардың көбінің қолында рұқсат қағазы бар. Полицияның мәлімдеуінше рұқсат қағазынсыз сатқандар айыппұл арқалайды.
«Егер рұқсат қағазынсыз сатып жатқандар болса оларға бірінші ретте ескерту жасалады, ал екінші рет ұсталса 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады», дейді Петропавл ПБ басқармасының басшысы М.Жұмалиев.
Айта кетейік, жергілікті полиция шыршаны рұқсатсыз сатумен айналысып жатқандарды әшкерелеу үшін рейд жүргізуді бастады. Ол 31 желтоқсанға дейін жалғасады.