Қаржы • Бүгін, 14:45

Серік Жұманғарин: Мені көбі «салық реформасының әкесі» деп атайды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Вице-премьер жаңа жүйенің қалай әзірленгенін және оның қауіпсіздігіне кім кепіл болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Серік Жұманғарин: Мені көбі «салық реформасының әкесі» деп атайды

Фото: Ашық дереккөз

Үкімет брифингінде Серік Жұманғарин өзін «салық реформасының әкесі» деп атайтындарға жауап беріп, бұл бағыттағы жұмыстың ашықтығына тоқталды. Оның айтуынша, реформа кездейсоқ болжамдарға емес, халықаралық тәжірибе мен үздік мамандардың сараптамасына сүйеніп жасалған.
«Мұндай маңызды салада эксперимент жасауға ешкімнің құқығы жоқ. Бұл − кофемен сәуегейлік жасау емес. Біз бір жыл бойы бизнеспен және қоғаммен ашық талқыладық. Мен бұл реформаның үйлестірілуі мен нәтижесі үшін жауаптымын», деп мәлімдеді вице-премьер.
Министр салық мөлшерлемелерін, соның ішінде ҚҚС пен корпоративтік салықты қайта қарау − экономикалық тұрақтылықты сақтау үшін әлемдік тәжірибеде жиі қолданылатын шара екенін атап өтті.
С. Жұманғариннің пайымдауынша, басқа елдермен салыстырғанда Қазақстан реформаны асығыс емес, жан-жақты талқылау арқылы жүзеге асырып жатыр.
Бұған дейін Үкімет басшысы жаңа Бюджет кодексіне сәйкес шағын бизнестен түсетін барлық салық түсімі әкімдіктердің иелігінде қалатынын атап өтті.
Соңғы жаңалықтар