Әлем • Бүгін, 09:40

Amazon алаяқтық жолмен жұмысқа орналасуға тырысқан 1800 адамның өтінішін бұғаттады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Amazon-ның қауіпсіздік жөніндегі басшысы Стивен Шмидттің мәліметінше, компания Солтүстік Кореямен байланысты болуы мүмкін 1 800-ден астам жұмысқа орналасу өтінішін бұғаттаған, деп хабарлайды Egemen.kz  BBS News-қа сілтеме жасап.

Amazon алаяқтық жолмен жұмысқа орналасуға тырысқан 1800 адамның өтінішін бұғаттады

фото: www.bbc.com

Күдіктілер жалған немесе ұрланған жеке деректерді қолданып, қашықтан жұмыс істейтін IT-маман ретінде жұмысқа орналасуға тырысқан.

Олардың мақсаты жұмысқа орналасу арқылы тапқан табыстарын Солтүстік Кореяның қару-жарақ шығаратын бағдарламаларын қаржыландыруға жіберу болған.

Шмидттің айтуынша, мұндай жағдай тек Amazon-да емес, бүкіл IT индустриясында, әсіресе АҚШ-та жиі кездеседі.

АҚШ пен Оңтүстік Корея билігі Пхеньянның хакерлік және алаяқтық әрекеттері туралы бірнеше рет ескерткен.

Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі доллар бағамы қандай?

Экономика • Бүгін, 09:15