Оқиға • Бүгін, 10:00

Жаңа жыл қарсаңында магнит дауылы күшейеді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл соңына қарай Жер шары Күн белсенділігінің жаңа толқынына тап болады. 22-24 желтоқсан аралығында Күн бетіндегі алып корональды саңылаудан шыққан қуатты плазма ағыны платанетамыздың магнитосферасын соққының астына алып, орташа және жоғары деңгейдегі магнит дауылдарын тудырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа жыл қарсаңында магнит дауылы күшейеді

Фото: istockphoto.com

Күн астрономиясы зертханасының мәліметінше, Күн дискісінің орталық бөлігінде өте күрделі пішінді корональды саңылау пайда болған. Бұл құрылым Күннің оңтүстік және солтүстік жарты шарларын түгел қамтып жатыр. Қазіргі уақытта Күннен ескен жойқын желдің жылдамдығы секундына 700 шақырымға жетті, бұл қалыпты көрсеткіштен екі есе жоғары.

Ғалымдардың айтуынша, магнит дауылының алғашқы белгілері болжамнан бір тәулік бұрын байқала бастаған. Түн ортасында G1 деңгейіндегі алғашқы геомагниттік ауытқулар тіркелді. Мамандар алдағы күндері жағдайдың одан әрі күрделенуі мүмкін екенін ескертеді. Егер Жерге келетін плазма ағыны тығыз әрі біртекті болса, дауыл күші G2 деңгейіне дейін көтерілуі ықтимал.

Саңылаудың конфигурациясы өте күрделі болғандықтан, болжам тұрақсыз болып отыр. Күн желінің мұндай жоғары қысымы Жердің қорғаныс қабатын – магнитосфераны өте сезімтал етеді. Осы шағын өзгерістердің өзі қайталама магнит дауылдарын тудыруына әкеп соғуы мүмкін.

Астрономдар мұндай жоғары жылдамдықтағы күн желінің әсері кем дегенде тағы 2-3 тәулікке созылатынын хабарлады. Бұл кезеңде байланыс жүйелерінде ақаулар болуы мүмкін және метеосезімтал адамдардың денсаулығына баса назар аударғаны жөн.

 
Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі доллар бағамы қандай?

Экономика • Бүгін, 09:15