Әлем • Кеше

Түркиялық депутаттар бюджетті талқылау кезінде төбелесіп қалды (видео)

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияда Ұлттық мәжіліс депутаттары 2026 жылға арналған мемлекеттік бюджетті талқылауға арналған отырыста жанжалдасып қалды. Әуелгі ұрыс-керіс Республикалық халық партиясы төрағасының орынбасары Мұрат Эмир Бурса мен Әділет және даму партиясының депутаты Мұстафа Варанк арасында басталған, деп жазады Egemen.kz.

Түркиялық депутаттар бюджетті талқылау кезінде төбелесіп қалды (видео)

Фото: видеодан алынған скрин

Екеуара жанжал тез арада ұлғайып, парламенттің басқа мүшелері де жаға жыртысқан. 

Жанжал өзге депутаттардың араласуымен тоқтатылған.

Келіспеушілікке қарамастан 2026 жылға арналған орталық мемлекеттік бюджет және 2024 жылға арналған қорытынды есеп туралы заң жобалары бекітілген.

Заң жобаларын 320 депутат қолдап, 249-ы қарсы дауыс берген. 

Түркия парламентінің төрағасы Нуман Куртулмуш күн тәртібіндегі өзге де мәселелерді талқылау үшін отырысты 22 желтоқсан сағат 14.00-ге дейін тоқтатуға шешім қабылдаған.

Соңғы жаңалықтар