Фото: istockphoto.com
Соңғы тәулікте мессенджерлер мен желі қолданушылары арасында үрей туғызған хабарламаларға байланысты жедел іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, қазіргі уақытта қаланың барлық мектептері күшейтілген бақылауға алынған. Балалардың қауіпсіздігі үшін білім ордаларында полиция қызметкерлері кезекшілік атқарып, барлық сақтық шаралары барынша қатаңдатылды.
Қазіргі уақытта құзырлы органдар жалған ақпаратты таратып, жұртшылықты дүрліктірген тұлғаларды анықтау мақсатында жедел-тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қоғамдық тыныштықты бұзып, негізсіз үрей туғызғандар заң алдында қатаң жауап береді.
Полиция департаменті ата-аналарды барынша сабыр сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмай, тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады. Ведомство өкілдері жағдайдың толықтай бақылауда екенін және балалардың өміріне ешқандай қауіп жоқ екенін қадап айтты.
Айта кетейік, осыған ұқсас жалған хабарламалар бұған дейін Ақтау қаласы мен Ақтөбе облысында да тарап, тұрғындарды алаңдатқан болатын.