фото: ҚФФ баспасөз қызметі
Қайрат Нұрдәулетов 1982 жылы дүниеге келген. Кәсіби футболшы ретінде ол «ЦСКА-Қайрат», «Есіл-Батыр», «Ертіс», «Қайрат», «Тобыл», «Астана» және «Қайсар» клубтарының намысын қорғаған.
Мансабын аяқтағаннан кейін Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлік штабына кірді. Кейін елдің жастар құрамасын басқарды.
2023 жылы Қайрат Нұрдәулетов Түркістан облысындағы «Мақтаарал» клубының бас бапкері болып жұмыс істеді. Сондай-ақ команданың Премьер-лигада орнын сақтап қалуына үлес қосты.
Одан кейін талдықорғандық «Жетісу» клубын басқарды, оның жетекшілігімен команда маусымды 11-орынмен аяқтады.
Биылғы жылдың 4 шілдесінде Қайрат Нұрдәулетов Көкшетаулық «Оқжетпес» клубының бас бапкері болып тағайындалып, бұл қызметте Андрей Ферапонтовты алмастырды. Өткен маусым қорытындысы бойынша клуб 35 ұпай жинап, Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде сегізінші орынға ие болды.