АСТАНА. 23 наурыз. Енді бес күннен кейін Астанада футболдан Қазақстан мен Исландия құрамалары арасында матч өтеді. 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясындағы ойынға еліміздің бас командасы тыңғылықты дайындалуда. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Сондай-ақ, Исландия үшін де аталған ойынның маңызы жоғары. Топтың көшбасшылары саналған Нидерланды, Түркия сынды азулы құрамаларды сан соқтырған скандинавтықтар бүгінде жолдамадан басты үміттілердің бірі.
Сонымен 28 наурызда «Астана-Аренада» өтетін ойынға Исландия құрамасының жаттықтырушылар қосыны мына футболшыларға сенім артып отыр:
Қақпашылар: Ханнес Хадльдорссон, Эгмундур Кристинссон, Ингвар Йонссон;
Қорғаушылар: Биркир Севанссон, Рагнар Сигурдссон, Кари Арнассон, Ари Скулассон, Хадльгримур Йонассон, Йоун Гудни Фьоулюссон, Хердур Бьергвин Магнуссон, Хаукур-Хейдар Хаукссон;
Жартылай қорғаушылар: Эйдур Гудьонсен, Арон Гуннарссон, Эмиль Хадльфредссон, Биркир Бьярнсон, Йохан Берг Гудмундссон, Рюрик Гислассон, Гилфи Сигурдссон, Виктор Паульссон;
Шабуылшылар: Кольбейн Сигторссон, Альфред Финбогассон, Йоун Дади Бодварссон, Видар-Орн Кьяртанссон.
Айта кетейік, Исландия құрамасының көшбасшы ойыншысы, кезінде «Барселона» мен «Челси» сапында доп тепкен 36 жастағы Эйдур Гудьонсен ұлттық құрамаға қайта шақырту алып отыр. Соңғы рет Гудьонсен құрама жейдесін 2013 жылдың қараша айында киген екен Содан бері ардагер ойыншы өз туы астында ресми ойындарға қатыспаған.
Исландия құрамасының бас жаттықтырушысы Ларс Лагербек екені белгілі. Бүгінде оның командасы төрт ойыннан 9 ұпай жинап, топта екінші орынға табан тіреп тұр. Ал Юрий Красножан дайындайтын Қазақстан төрт ойыннан бір ғана ұпай олжалап, көш соңында келеді. Топ басында мүлдем ұпай жоғалтпаған Чехия құрамасы тұрғанын айта кетейік.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: sports.ru.
• 23 Наурыз, 2015
Қазақстанға келетін Исландия ойыншылары белгілі болды

Зейнетақы жинағының шекті деңгейі өзгереді: Енді ақша қалай есептеледі?
Қоғам • Бүгін, 13:48
Былтыр Астанада 14 бала терезеден құлап, көз жұмған
Елорда • Бүгін, 13:15
3,7 миллиард долларлық келісім: Тоқаев Жапония Парламентінің өкілін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:03
Жазадан құтыла алмайды: Нұрай Серікбайды өлтірген күдіктінің ақыл-есі дұрыс деп танылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:52
Жібек жолындағы қанды оқиға: Үш адамды өлтірген күдіктінің жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 12:42
Елімізде 1000-нан астам сарбаз грант иегері атанды: Толық тізім жарияланды
Әскер • Бүгін, 12:10
Қазақстанда жол сапасын дрондар бақылайды
Қоғам • Бүгін, 12:06
Атырау облысында ағайындылар арасында атыс болды
Оқиға • Бүгін, 11:40
Сенат резонанс тудырған жануарларға қатысты заңды Мәжіліске қайтарды
Заң • Бүгін, 11:33
Билікті басып алу әрекеті: Қамшыбек Тәшиевке екі бап бойынша айып тағылды
Әлем • Бүгін, 11:27
Қытайда бала бағып, үй жинайтын әмбебап робот пайда болды
Технология • Бүгін, 11:18
Білімге бөлінген қаржы тиімді жұмсалып жатыр ма?
Білім • Бүгін, 11:14