Оқиға • Бүгін, 11:25

Қазақстан мен Франция арасындағы келісім: заң талаптарын бұзып жүрген азаматтар қайтарылатын болды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан мен Француз үкіметтері арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісім ратификацияланды. Бұл келісімнің негізгі мақсаты – ұлттық заңнамалар талаптарын бұзып екі елдің аумағында жүрген адамдарды реадмиссиялау мәселелері бойынша екіжақты ынтымақтастыққа құқықтық негіз қалау. Құжатта осы елдер аумағында болу шарттарын бұзған немесе қиын жағдайға тап болған, айталық құжатын жоғалтқан адамдарды өз еліне қайтару қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан мен Франция арасындағы келісім: заң талаптарын бұзып жүрген азаматтар қайтарылатын болды

Қазақстан азаматтары жеке басын куәландыратын құжаттарының жоғалғаны немесе елде заңсыз жүргені туралы құзыретті органдарға хабарлаған жағдайда Франциядан ешқандай санкциясыз орала алады. Бұл ретте осы елдің Ішкі істер министрлігі азаматтың өз еліне қайтуы үшін құжаттарын ресімдеуге көмектеседі.

Сонымен қатар келісім үшінші ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды олардың азаматтығы бар немесе тұрақты мекендейтін мемлекеттеріне қабылдау, ауыстыру және транзиттік тасымалдау ресімдеріндегі бірлескен іс-қимылдардың бірізділігі мен реттілігін қамтамасыз етеді.

Реадмиссия – бір мемлекеттен басқа мемлекетке кіруі, болуы немесе тұруы заңсыз деп танылған азаматтарды өз еліне қайтару рәсімі. Қазақстанда реадмиссия институты 22 елмен арада белсенді жұмыс істейді. Соңғы жылы реадмиссия бойынша 273 өтінішхат қаралды.

Айта кетейік, келісімге 2024 жылғы 5 қарашада Мемлекет басшысының Францияға сапары барысында қол қойылған.

Соңғы жаңалықтар

Тау-кен ісінің дамуына не кедергі?

Экономика • Бүгін, 10:48