Фото: depositphotos.com
Осы оқиғадан көп ұзамай өзін банк қызметкері ретінде таныстырған алаяқтар зейнеткердің шотына «мемлекеттік қаражат» түскенін және оны кері қайтару қажет екенін айтып, алдаған.
Алаяқтардың нұсқауын бұлжытпай орындаған әйел өз шотынан 2 млн теңгені шешіп алып, шетелдегі белгісіз есепшотқа аударған. Ол қаржы аударылғаннан кейін ғана алданғанын түсінген. Қылмыскерлер ізін жасыру мақсатында барлық хабарлама мен қоңырауды өшіруді талап еткен. Осыдан кейін жәбірленуші полицияға жүгінген. Павлодар қаласы полициясының мәліметінше, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
Құқық қорғау органдары осы мазмұндағы алаяқтық істер белең алғанын ескертіп, тұрғындарды сақ болуға шақырып отыр.