Ресей Тергеу комитетінің мәліметінше, 16 желтоқсан күні таңертең оқу орындарының бірінде кәмелетке толмаған жасөспірім мектеп күзетшісі мен оқушылардың біріне пышақпен шабуыл жасаған. Алған жарақат салдарынан бастауыш сыныпта оқитын бала көз жұмды.
Ішкі істер министрлігінің дерегіне сәйкес, шабуыл жасаған оқушы алдымен күзетшінің бетіне газ баллонын шашып, кейін он жастағы оқушыны жаралаған. Күдікті ұсталып, тергеу органдарына жеткізілді.
Оқиға бойынша адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнына тергеушілер мен криминалистер жіберілді. Сонымен қатар прокуратура тексеру жұмыстарын бастады.
Қауіпсіздік мақсатында мектеп оқушылары ғимаратқа қарама-қарсы орналасқан Жастар үйіне эвакуацияланды. Мәскеу облысындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Ксения Мишонова ата-аналар мен балаларға қажетті психологиялық және өзге де көмектер көрсетілетінін мәлімдеді.