Саясат • Кеше

Стратегиялық ынтымақтастық жалғасады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжо Тэ-икпен кездесті.

Стратегиялық ынтымақтастық жалғасады

Кездесу барысында тараптар Қазақстан – Корей ынтымақтастығының ағымдағы мәселелері мен одан әрі даму перспективаларын талқылады.

Машина жасау, ақпараттық техноло­гиялар, ауыл шаруашылығы, т.б. салалар­дағы бірлескен инвестициялық жобалар­дың табысты іске асырылғаны аталып өтті.

«Біз Корея Республикасымен страте­гия­лық серіктестік нәтижесінде қол жет­кізг­ен жетістіктерімізді жоғары баға­лай­мыз. Жаңа жұмыс орындарын құрдық, тың инновацияларды енгізіп, өндірістік жобаларды кеңейттік», деді Р.Скляр.

Өз кезегінде Корея Республикасының елшісі Чжо Тэ-ик Қазақстан басшылығына қолдау мен ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, экономиканың әртүрлі саласын­дағы қарым-қатынастарды нығайту­дың маңыздылығына тоқталды. Елші, сон­дай-ақ, елімізді Халықаралық атом энер­гиясы агенттігіне қабылдануымен құттықтады. Қазақстан уран саласындағы маңызды ойын­шы екенін атап өткен дипломат атом электр стансасын салуда сәттілік тіледі.

Кездесу соңында Роман Скляр елші Чжо Тэ-икке қазақ-корей қарым-қаты­насын дамытуға қосқан жеке қыз­метіне алғыс айтып, дипломатиялық мансабына табыс тіледі.

 

Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі доллар бағамы қандай?

Экономика • Бүгін, 16:00

ЕАЭО отырысы Шымкентте өтеді

Саясат • Бүгін, 12:58