Президент Телерадиокешені директоры Раушан Қажыбаева мен Al Jazeera Media Network-тың бас директоры Шейх Нассер бин Фейсал Әл Тани ынтымақтастықты тереңдету және Al Jazeera-ның өңірдегі қатысу аясын кеңейту мәселелерін жан-жақты талқылады.
Қолданыстағы форматтармен қатар, Шейх Нассер бин Фейсал Әл Тани арнаның Қазақстанда хабар таратуын ұйымдастыруға және бүкіл Орталық Азия өңіріндегі оқиғаларды таратуға арналған кәсіби база құруға үлкен қызығушылық танытты.
Сондай-ақ Al Jazeera өңір журналистерінің кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған, Президент Телерадиокешені ұсынған екі компания тәжірибесін институционализациялау жобаларына айрықша қызығушылық білдірді. Тараптар диалогты жалғастырып, осы бастаманы 2026 жылы іске асыру бойынша практикалық қадамдарға көшуге уағдаласты.
Al Jazeera Media Network бас директоры Раушан Қажыбаеваға шақырғаны үшін алғыс айтып, жақын арада Қазақстанға жұмыс сапарымен жеке келуге дайын екенін растады.
Сонымен қатар Раушан Қажыбаева Al Jazeera Media Institute директоры Иман Әл Әмримен кездесті. 2024 жылы тараптар бірлесіп Maqsut Narikbayev University жанындағы халықаралық журналистика мектебінің студенттері мен қазақстандық журналистерге арналған Қазақстандағы алғашқы «Al Jazeera апталығын» өткізген болатын.
Кездесу барысында Иман Әл Әмри 2026 жылы екінші «Al Jazeera апталығын» өткізу жоспарын растады және қазақстандық студенттер мен сала мамандарына Al Jazeera-ның көпжылдық журналистік тәжірибесін жинақтаған Медиа институттың авторлық кәсіби әдебиеттерінің кең кітапханасына қолжетімділік ұйымдастыруды ұсынды.