Төтенше жағдай • Кеше

Теміржолдағы қайғылы оқиға: қаза тапқан 4 теміржолшының аты-жөні белгілі болды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мойынты – Шығанақ учаскесінде өндірістік жұмыстар атқару кезінде қаза тапқан «Қазақстан темір жолы» АҚ төрт қызметкерінің аты-жөні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теміржолдағы қайғылы оқиға: қаза тапқан 4 теміржолшының аты-жөні белгілі болды

Барлығы жол бригадасының қызметкері болған.

Ахрапбаев Бауыржан Бейсембекұлы, жол монтері, 39 жас. Жұмыс өтілі 17 күн. Өндірістік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан. Бойдақ, ата-анасымен бірге тұрған.

Тәуірбеков Мақсұт Тұрсынбайұлы, жол шебері-бригадир, 55 жас. Жұмыс өтілі 18 жыл. «Теміржол саласында 10 жыл мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталған. Үйлі-балалы, екі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырған. Отбасының жалғыз асыраушысы, жұбайы жұмыс істемейді.

Сатыпалды Дархан Ерланұлы, жол монтері, 24 жас. Жұмыс өтілі 2 жыл. Отбасының жалғыз асыраушысы. Анасы онкологиялық аурумен ауырады, әкесі қайтыс болған.

Жүнісов Серікқан Нұрдубекұлы, жол монтері, 60 жас. Жұмыс өтілі 33 жыл. «Теміржол саласында 20 жыл мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталған. Үш баласы бар, оның бірі кәмелетке толмаған.

Отбасының жалғыз асыраушысы, жұбайы онкологиялық аурумен ауырған.
Теміржол магистраль желісі дирекциясы қаза болған қызметкерлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Еске салайық, Қарағанды облысындағы Шешенқара – Қаражанғыл аралық өткелінде жүк пойызы төрт теміржолшыны басып, мерт қылған еді. Оқиға 10 желтоқсанда сағат 17:15-те болды.

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025