Білім • 12 Желтоқсан, 2025

Алматыда жас ғалымдардың ІІ халықаралық конгресі өтті

80 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен жас ғалымдардың ІІ халықаралық конгресі өтті. Конгресс Бейбітшілік пен даму мүддесіндегі Дүниежүзілік ғылым күніне орай ЮНЕСКО жариялаған «Сенім, өзгерістер және ертеңгі күн: 2050 жылға қажетті ғылым» тақырыбына арналды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда жас ғалымдардың ІІ халықаралық конгресі өтті

Конгрестің ашылу салтанатында Мемлекеттік хатшы Ерлан Қариннің құттықтауын, сондай-ақ қала басшысы Дархан Сатыбалдының жас ғалымдарға арнаған жылы лебізін әкімнің орынбасары Абзал Нүкенов оқып берді.

Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбектің жас ғалымдарға құттықтауын Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Әділет Тойбаев жеткізді.  

Алқалы жиынға Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысып, жақында Президент жанындағы ҰҒА-мен Жас зерттеушілер академиясын құру туралы мемрандумға қол қойылғанын атап өтті. Ведомство басшысы осы ретте ғылымға әуесқой балалардың мектептерде көп екенін назарға ала отырып, оның әлеуетін көтеру мақсатындағы жұмыстарды жетілдіру қажеттігіне тоқталды. Министр жас ғалымдарды мектептерге шақырып, жақсы ғалым тәрбиелеудің негізі жүйелі білім іргетасын құрайтын білім ордаларында екенін, осы орайда Мемлекет басшысының тапсырмасынан іске асып жатқан «Келешек мектептері» жобасының маңыздылығын атап өтті.

Конгреске келген жас ғалымдарды қошеметпен қарсы алған Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Қарин Ерлан Тынымбайұлының арнайы жолдаған құттықтау сөзі үшін шынайы алғыс білдіремін! Қазақстанда жас зерттеушілердің үлесінің 46 пайызға артуы – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жүйелі әрі дәйекті саясатының жемісі екенін ерекше атап өткім келеді. Бүгінгі конгресс – жасанды интеллект пен инновациялар қарқынды дамыған уақытта, сонымен қатар климаттың өзгеруі, демографиялық үдерістер және ресурстарға сұраныс күрт артқан жаһандық қатерлер кезеңінде өтуде. Дегенмен, әрбір жаңа сын-қатер ғылыми пайымдауды және талқылауды талап ететін қосымша мүмкіндіктерге жол ашатыны анық. Академия үшін мұндай ауқымды конгресті өткізу – үлкен мәртебе. Оның жұмысына Қазақстанның барлық өңірлерінен және шет елдерден келген мыңнан астам жас ғалым қатысуда. Конгреске 26 мемлекеттен келген 80-нен астам ғалымды ерекше ықыласпен қарсы алып отырмыз. Олардың арасында әлемдік деңгейдегі озық зерттеулерге табысты үлес қосып жүрген отандастастарымыз, Қазақстаннан шыққан жастарымыз бар», деді.

Конгресте жас ғалымдар кеңесінің қызметіне қатысты баяндама жасаған  Президент жанындағы ҰҒА Жас ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасары, ХБК ғылым департаментінің директоры Шахислам Лайсханов атқарылған жұмыстар, жүзеге асқан жобалар, ғалымдар жетістіктері туралы айтып өтті. Сондай-ақ жиынға қашықтан қатысқан Нобель сыйлығының лауреаты, Туския университетінің профессоры, Еуропалық-Жерорта теңізі климат орталығының стратегиялық директоры климатқа қарсы күрес қоры (CMCC), Италия Валентини Риккардо «Жаһандық өзгерістер және олардың жағымсыз салдарын болдырмау үшін экологиялық мониторинг» (онлайн), Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Назарбаев университетінің профессоры Дөрбетқан Сұраған «ISAAC 2025: Қысқаша қорытынды», Ph.D, офтальмолог дәрігер (Cardiff University, UK), Гонконгтегі көру және көзді зерттеу орталығының Кванттық оптика зертханасының басшысы Мұхит Құлмағамбетов  «Multidimensional Ophthalmology:кванттық бөлшектерден бастап авиағарыштық шекараларға дейін», Назарбаев университетінің ассистент-профессоры, Президенті жанындағы  ҰҒА Жас ғалымдар кеңесі президиумының мүшесі Гүлнұр Калимулдина «Қазақстандағы ғылыми идеяларды коммерцияландыру процесі: әдістері мен мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.

3

Ғылымның әртүрлі бағыттарында жас ғалымдардың ғылыми жетістіктерімен алмасуы және диалог жүргізуі үшін тұрақты платформа қалыптастыруға негіз болған жастар конгресінде шет елдерде табысты қызмет етіп, ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген жас ғалымдардың әлеуетін отандық ғылымды дамытуға пайдалану, жас ғалымдардың халықаралық және пәнаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту, ғылыми білімді және соңғы ғылыми жетістіктерді насихаттау, жас зерттеушілердің еңбектеріне қоғам назарын аудару, кәсіби өсуіне жағдай жасау және олардың іргелі және қолданбалы зерттеулерге белсенді қатысуына ықпал ету сияқты көптеген маңызды мәселелер талқыланды.

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025