Қаржы • Кеше

«Бәйтерек» Ұлттық қорға 23,5 млрд теңгені мерзімінен бұрын қайтарды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Бәйтерек» холдингі 2014 жылы 20 жыл мерзімге алған қаражатты мерзімінен бұрын қайтарды. Бұл сома Ұлттық қор арқылы Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы жобаларына жұмсалған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бәйтерек» Ұлттық қорға 23,5 млрд теңгені мерзімінен бұрын қайтарды

Фото: Ашық дереккөз

Холдингтің мәліметінше, аталған қаражатқа өңдеу өнеркәсібі, көлік, қойма логистикасы және электр энергетикасы салаларында 13 жоба іске асырылған. Солардың ішінде рельс зауытының құрылысын жүргізу, теміржол дөңгелектерін шығаратын кешен құру, минералды тыңайтқыш зауытын жаңғырту, инфрақұрылымдық нысандарды жүзеге асыру, ауылдық елді мекендерді газбен қамтамасыз ету сияқты маңызды бастамалар бар.

Холдингтің еншілес компанияларының мәліметтері бойынша, 2016 және 2024 жылдар аралығында жалпы өндіріс көлемі 16,2 млрд теңгеден 2024 жылы 390,9 млрд теңгеге дейін өсті. Ал экспорт 0,17 млрд теңгеден 99,5 млрд теңгеге жетті. Сонымен қатар аталған жобаларды іске асыру шеңберінде 2,5 мыңнан астам жұмыс орны құрылған.

2026 жылы «Бәйтерек» Холдингіне республикалық бюджеттен 1 трлн теңгеге дейін қаржы бөлінгенін хабарлаған едік. Сонымен қатар холдинг арқылы шағын және орта бизнесті қолдау көлемі шамамен екі триллион теңгеге жетті.

 

Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025