«Жабдықтың бірі – этиленді бөлу бағанасы (Ethylene Fractionator). Оның салмағы – 1 470 тонна, биіктігі – 101 метр. Осы кезге дейін бұл бағананы құрастыру жұмысы 78 пайызға орындалды. Екіншісі – суыту бағанасы (Quench Tower). Аталған жабдықтың салмағы – 700 тонна, биіктігі – 51 метр. Дайындық деңгейі 55 пайызды құрайды», деп хабардар етті компанияның баспасөз қызметі.
Бұл бағаналар пиролиз қондырғысының құрамына кіреді. Дәл осы қондырғыда этан полиэтилен өндірісінің негізгі өнімі – этиленге айналады. Қондырғыларды монтаждау 2026 жылға жоспарланып отыр.
«Атыраудағы аталған кәсіпорын су дайындау жүйесінде еріген газдарды жоюға арналған тағы бір маңызды элемент – деаэратор жабдығын әзірлеуге тапсырыс алды. «АтырауМұнайМаш» ЖШС-мен ынтымақтастықтың бірнеше себебі бар. Біріншіден, отандық өндірушілер Қазақстандағы ірі мұнай-газ химиясы жобаларының бірін іске асыруға қатысады. Екіншіден, жергілікті қамту үлесін арттыруға ықпал етеді», деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.