Саясат • Кеше

Қос компания арасындағы уағдаластық

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет үйінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен «Өскемен арматура зауыты» АҚ («ӨАЗ» АҚ) мен «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ («КҚК-Қ» АҚ) арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.

Қос компания арасындағы уағдаластық

Сурет: primeminister.kz

Өнеркәсіптік жабдықтың импортын алмастыру жөніндегі құ­жатқа «ӨАЗ» АҚ бас директоры Александр Будрис пен Каспий құбыр консорциумының бас директоры Николай Горбань қол қойды.

Ынтымақтастық бекіткіш арма­тураның, сорғы агрегаттары мен электр қозғалтқыштарының жергілікті өндірісін дамытуға, магистралды мұнай құбыры нысандарында отандық жабдық қолда­нуды кеңейтуге, сондай-ақ құбыр арматурасының қазақстандық ірі өндірушісі мен мұнай тасымалдау инфрақұрылымындағы негізгі опе­раторларының арасында орнықты кооперацияны қалыптастыруға бағытталған.

Келісім шеңберінде тараптар «КҚК-Қ» АҚ-ны өз елімізден шыққан жоғары технологиялық материалдармен, жинақтаушы бөлшектер­мен әрі жабдықтармен қамтама­сыз етуге, жабдыққа техникалық қыз­мет көрсетуді, жабдықты жаң­ғырту мен сынақтан өткізуге, сон­дай-ақ инновациялық технология­лық шешімдерді бірлесіп әзірлеуге ниетті.

 

Соңғы жаңалықтар