Саясат • Кеше

Мемлекет басшысы Ашхабад қаласына барды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына арнал­ған форумға қатысу үшін Аш­хабад қаласына бар­ған Пре­зидент Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрік­менстан Халк Масла­хаты­ның Төр­ағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды.

Мемлекет басшысы Ашхабад қаласына барды

Әуежайда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов келіссөз жүргізді.

«Түрікменстан басшылығы­ның осы маңызды іс-шараға ша­қыруын ерекше ықыласпен қабыл алдым. Ертең талқыға түсетін мәселелер қазіргідей алмағайып, бұлыңғыр жағдайда әрі Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығы аясында өте өзекті деп ойлаймын. Аталған форум табысты өтетініне сенім­дімін. Бұл басқосу Түрік­мен­стан­ның жаһандық ауқымдағы ахуалды тұрақтандыруға, сондай-ақ Орталық Азиядағы достық пен ынты­мақтастыққа негізделген қарым-қатынасты нығайтуға қос­қан тағы бір елеулі үлесі болмақ», деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Түрік­менстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің жақын­да Қазақстанға жасаған мемле­кеттік сапарына оң баға беріп, жоғары деңгейде қол жеткізілген уағда­ластықтарды жүзеге асыру­дың маңызды екенін атап өтті.

Гурбангулы Бердімұхамедов Түрікмен­с­танның тұрақты бейтарап­ты­ғының 30 жылдығына орайлас­ты­рылған форумға қатысуға келгені үшін Қазақстан Прези­дентіне ризашылығын білдіріп, екі­жақты күн тәртібінің негізгі мәсе­лелеріне тоқталды.

«Өзара қарым-қатынас тура­лы сөз қозғағанда, Түрік­мен­стан Пре­зи­дентінің жақында Қазақ­станға жасаған мемлекеттік сапарын айтпай кетуге болмайды. Сапар жоғары деңгейде өтті. Экономика және мәдени-гума­ни­тарлық салалардағы ынты­мақ­­тастық келешегі тал­қы­ланды. Екі ел ықпалдастығын дамы­туға елеулі үлес қосқаныңыз үшін Сізге алғыс айтамын. Сондай-ақ бар­ша бауырлас қазақ халқына ізгі т­ілегімді жолдаймын», деді Түрік­менстан Халк Маслахатының Төрағасы.

Соңғы жаңалықтар