Жәдігер • 12 Желтоқсан, 2025

Тасмола шеберлері жасаған қанжар

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертіс бойындағы музейлерде қазақ жерін мекен еткен ежелгі тайпалардың тұрмысы мен соғыс өнеріне қатысты көне жәдігерлер баршылық. Соның бірі – Тасмола мәдениетіне қатысты қару-жарақ түрлері.

Тасмола шеберлері жасаған қанжар

Суретті түсірген Есенжол Исабек.

Біздің заманымызға дейінгі VIII ғасыр­дың аяғы – VII ғасырдың басында Ұлы да­ланың тарихында жаңа кезең – ерте темір ғасыры басталғаны белгілі. Бұл дәуірді ғы­лымда «Тасмола мә­дениеті» деп атайды. Атауы да Тасмола шат­қалындағы ерекше жерлеу орындарымен байланысты. Дәл осы мәдениет Ертіс-Баян өңіріндегі ежелгі тай­палардың тұрмысын, дү­ниетаны­мын, соғыс және шаруа­шы­лық дәстүрлерін сипаттайды.

Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейі қорын­дағы қанжар сол кезең­нің технологиялық мүм­кіндігін айқын көр­сетеді. Толықтай темірден соғылған қарудың ұзын, жіңішкере түскен жүзі мен қос жаққа созылған қандырасы оны тікелей соғыс не аңшылық мақсатында пайдаланғанын дәлелдейді. Сабындағы қос спираль түріндегі сәндік орам – Тасмола шеберлеріне тән көркемдік шешімдердің бірі. Уақыт тоздырғанымен, жә­дігер өз дәуірінің эстети­калық талғамын айқын сездіреді.

«Тасмола мәдениеті – біз­­дің өңіріміздің ең ма­ңызды археологиялық кезең­дерінің бірі. Әсіресе темір бұйымдар, соның ішінде осындай қанжарлар, ежелгі тайпалардың әскери қуаты мен шеберлік деңгейін көрсетеді. Бұл жәдігер келу­шілерді қызық­­тырып, оларды сол заман­ның атмосферасына жетелейді», – дейді музей қызметкерлері.

Павлодар облысы