Әлем • Бүгін, 10:18

Илон Маск OpenAI-ға қарсы сотта жеңіліп қалды

1 мин
оқу үшін

Соңғы уақытта Илон Маск бірнеше сот ісінде жеңіліске ұшырады. Соңғысы – OpenAI мен оның басшысы Сэм Альтман қарсы берген шағымының қанағаттандырылмауы, деп хабарлайды Egemen.kz.

Илон Маск OpenAI-ға қарсы сотта жеңіліп қалды

Фото: Reuters

Бұған дейін Маск бұрынғы Twitter, қазіргі Х платформасы қызметкерлерімен және инвесторларымен болған дауларда жеңілген. Сонымен қатар сот оның жарнама берушілерге қарсы талабын кері қайтарды.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай жеңілістер Масктың мінезін өзгерте қоймайды. Өйткені оның қаржылық мүмкіндігі өте жоғары және айыппұлдар оған айтарлықтай әсер етпейді.

Әлемдегі ең бай адам: Илон Масктың дәулеті 800 млрд доллардан асты

Колумбия университетінің заң профессоры Дороти Лунд Масктың қоғамдық пікірден қорықпайтынын және тәуекелге жиі баратынын айтады.

OpenAI ісінен кейін де кәсіпкер сот шешімін сынға алып, үкімге шағым түсіретінін мәлімдеді. Сарапшылар Масктың соттағы тартыстардан бас тартуы әзірге екіталай екенін айтып отыр.

Илон Маск Францияда қамауға алынуы мүмкін

Соңғы жаңалықтар