Жастар • Бүгін, 10:27

«Жасыл ел»: Алматы облысының жастары 100-ден астам көшет отырғызды

1 мин
оқу үшін

Алматы облысында республикалық «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXII маусымының салтанатты ашылуы өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен келген белсенді жастар, мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz

«Жасыл ел»: Алматы облысының жастары 100-ден астам көшет отырғызды

Маусымның ашылуы аясында қатысушылар 100-ден астам көшет отырғызып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауды насихаттайтын экологиялық акцияға атсалысты.

Жасыл ел

Биыл «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жұмысына 34 мыңнан астам адамды тарту жоспарланып отыр. Жоба дәстүрлі түрде жастарды еңбекке баулуға, экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға үндейді.

«Жасыл ел» жастар жасағы үздіктер қатарында

Жастар еңбек жасақтарына жұмысқа орналасу бойынша ақпаратты әрбір өңірде орналасқан жастар ресурстық орталықтарынан білуге болады.

«Жасыл ел» жасағына қалай жұмысқа орналасуға болады?

Соңғы жаңалықтар