Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қызылордада шалғай ауылдарға ауыз су желісі тартылды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арал ауданындағы Тоқабай, Ерімбетжаға елді мекендеріне ауыз су желісі жеткізілді. Осыған дейін суды тасып ішіп отырған қос елді мекен халқы нысандардың ашылу салтанатына жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада шалғай ауылдарға ауыз су желісі тартылды

Фото: автордан

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің барлық аймағы ауыз сумен қамтылуы керек. Облыс аумағында 3 жылдан бері 14 млрд теңгенің 60 жобасы қолға алынған. Өткен жыл қорытындысы бойынша өңір халқын орталықтандырылған ауыз сумен қамту деңгейі 98,6 пайыз болса, биыл 9 елді мекенге ауыз су жеткізіледі.

Осы ауданның өзінен 8 млрд 100 млн теңгеге Абай, Тоқабай, 1 млрд 45 млн теңгеге Ерімбетжаға, Тастүбек елді мекендерін ауыз сумен қамту жобалары жүзеге асты. Осылайша өңірдегі барлық елді мекен 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов қос ауыл тұрғындарын құттықтап, мердігер мекеме қызметкерлеріне облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды. Ел ақсақалдары ұлық мереке қарсаңындағы бастамаға ризашылық білдіріп, баталарын берді. 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50