Түзеу мекемесінің материалдық-техникалық жағдайын жақсартуды, сондай-ақ сотталғандарды еңбекке, қоғамға қайта бейімдеуді көздейтін жаңа нысандар ДМП панельдері, корпустық және жұмсақ жиһаз, брусчатка, биг-бэг қаптарын, жеңіл құрылыс панельдерін өндіретін болады. Тіпті, фин технологиясы бойынша құрастырмалы үй қаңқаларын да шығару жоспарда бар. Ауқымды жоба 150 сотталған адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді.
«Жаңа өндіріс орындары сотталған азаматтардың кәсіби дағдысын дамытуға, әлеуметтік бейімделуіне және бостандыққа шыққаннан кейін еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына жол ашады», дейді түзеу мекемесінің басшылары.
Қостанай облысы