Сурет: malimsports.kz
Биылғы байрақты додаға әлемнің 45 елінен 12–23 жас аралығындағы 1300-ден астам спортшы қатысады. Спортшылар 11 спорт түрінен 481 медаль жиынтығын өзара сарапқа салады. Жарыстарда еліміз тарапынан 60 спортшы 9 спорт түрінен, атап айтқанда, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара жүзу, пара таеквондо, пара үстел теннисі, пара садақ ату, бочча, қол күресі және голболдан бақ сынайды.
Жасөспірімдер арасындағы Азия пара ойындары – жас спортшылардың халықаралық аренада тәжірибе жинауына, ұлттық құраманың жаңа буынын даярлауға, елімізде пара спорттың жүйелі дамуына серпін беретін маңызды спорттық алаң. Еліміздің ұлттық құрамасы жасөспірімдер арасындағы Азия пара ойындарына бұған дейін үш рет қатысты. 2009 жылы Токио қаласында өткен алғашқы ойындарда жасөспірімдеріміз 7 алтын, 12 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды. 2013 жылы Куала-Лумпурда өткен екінші ойындарда 12 алтын, 15 күміс, 12 қола медаль иеленді. 2017 жылы Дубайда ұйымдастырылған үшінші ойындарда 6 алтын,
4 күміс, 2 қола медаль еншіледі.