Футбол • Бүгін, 17:23

«Қайраттың» жастары «Олимпиакосты» қапы қалдырды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

UEFA Жастар лигасының жалпы кезеңіндегі алтыншы турда «Қайрат U19» командасы өз алаңында гректің «Олимпиакосын» 2:0 есебімен тізе бүктіріп, турнир тарихындағы тұңғыш жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қайраттың» жастары «Олимпиакосты» қапы қалдырды

Фото: sportilinet.kz

Айта кетейік, 2015 жылғы маусымда «Астана» жастар командасы барлық алты кездесуде жеңіліс тапқан еді.

Матчтың төртінші минутында шабуылшы Рамазан Бағдат  есеп ашты – 1:0. Ерте соғылған гол гректерді ойын өрнегін өзгертуге мәжбүр етті, бірақ алматылықтар қорғаныста сауатты, ал қарсы шабуылда өткір ойнады.

Екінші таймда «Қайрат» тағы бір мүмкіндікті кәдеге жаратты. 57-минутта Мұхамедәлі Әбіш қарсыластың қателігін пайдаланып, есепті еселеді – 2:0.

Кездесуде ел футболындағы ең танымал жас қақпашы саналатын Шерхан Қалмұрза «Қайраттың» қақпасын қорғады.

Нәтижесінде алматылық команда 4 ұпай жинап, жалпы рейтингте 28-орынға көтерілді. Ал 7 ұпайы бар «Олимпиакос» 20-орында тұр.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін «Қайрат» пен  «Олимпиакостың» негізгі құрамы кездеседі. Ойын сағат 20:20-да басталып, тікелей эфирде «Qazaqstan» телеарнасынан көрсетіледі.