Қаржы • Бүгін, 16:57

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер кестесін бекітті

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Келер жылы базалық мөлшерлеме бойынша 8 шешім қабылдау жоспарда тұр, оның 4-уі болжам раунды нәтижелеріне сай қабылданады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер кестесін бекітті

Фото: Ашық дереккөз

«Базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер аптаның соңғы жұмыс күні Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады және келесі аптаның бірінші жұмыс күнінен бастап күшіне енеді», делінген ҰБ хабарламасында.

2026 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер мына күндері жарияланады:

  • 23 қаңтар
  • 6 наурыз
  • 24 сәуір
  • 5 маусым
  • 24 шілде
  • 4 қыркүйек
  • 23 қазан
  • 4 желтоқсан

Бұған дейін Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 18 % деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдағанын жазған едік.