Оқиға • Кеше

Астанада бұрынғы «Cinema City» өртеніп жатыр

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласы Байқоңыр ауданында Амангелді Иманов көшесінде орналасқан жеке тұрған бір қабатты павильоннан өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Астанада бұрынғы «Cinema City» өртеніп жатыр

фото: Yonhap

Astanovka98 Telegram арнасының жазуынша, Имановадағы өрт жоғары ранг бойынша сөндіріліп жатыр. Демек, бұл күрделі өрт ретінде белгіленген және көрші бөлімшелердің қосымша күшін талап етеді. Бейнежазбаға қарағанда, от көршілес ғимаратты, бұрынғы Cinema City-ді де шарпыған.

«Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ», деп хабарлады ТЖМ.

Оқиға орнында құтқарушылар жұмысын жалғастырып жатыр.