Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

«Қайта даярлау» – қажетті қадам

20 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Аягөз ауданына қарасты Ақтоғай және Қопа тұрғындарына кәсіпті жетілдіру бастамасы іске қосылды. Бағдарлама тек мамандық игеруге мүмкіндік беріп қана қоймай, тұрақты жұмысқа орналасу мен кәсіби дағдыларды жетілдіруге жол ашып отыр, деп жазады Egemen.kz.

«Қайта даярлау» – қажетті қадам

Жергілікті әкімдіктер мен тұрғындар арасында өткізілген кездесулерден байқағанымыз, бейінді орта техникалық білімі болса да, кей үміткерлерде өндірістік дағды жетіспейді. Мамандардың сөзінше, осы олқылық Ақтоғай кен орнында жұмысқа орналасуға елеулі кедергіге келтіріп отыр. Соның салдарынан жергілікті азаматтар өзге өңірлерден келетін тәжірибелі мамандармен бәсекеге түсе алмайды.

Осыған орай, Абай облысының білім басқармасының Электротехникалық колледжі және KAZ Minerals компаниясының қолдауымен жергілікті тұрғындарды оқытуға және жұмысқа орналастыруға бағытталған «Қайта даярлау» пилоттық жобасы іске қосылды. Еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандар үш айлық курстан өткен 13 адам іріктелген. Онда слесарь-жөндеуші, автоматика слесарі, электргазбен дәнекерлеуші, және жөндеу электрослесарь бар.

«Жобаның серіктесі Абай облысы білім басқармасының Электротехникалық колледжі қажетті оқу базасын, өндірістік жетекшілерді қамтамасыз етіп, тыңдаушыларға тамақтану мен жатын орынды ұйымдастырды. Ал қалған шығындард, соның ішінде стипендия шығындарын компания демушілік жасап отыр», дейді ұйымдастырушылар.

Оқыту бағдарламасы өндірістегі нақты жағдайларға бейімделген. Мәселен, теориялық сабақтар практикалық дайындықпен ұштастырылады. Курсты аяқтаған тыңдаушылар кәсіптік даярлық туралы сертификат алып, Ақтоғай кен орнында бір жылдық тағылымдамадан өтуге шақырылды.

«Оқу жақсы өтті. Жетекшілер бәрін жақсы түсіндірді. Жатақханамыз да жайлы болды. Бұл бағдарламаға қатысқаныма қуаныштымын. Жұмыстағылардың бәрі жақсы қарсы алады, қолдап, қажет кезде кеңес беріп тұрады. Күн сайын жаңа дағдыларды үйреніп, мол тәжірибе жинадық. Ауылдастарыма мұндай мүмкіндікті жіберіп алмауға кеңес беремін», дейді БӨА жәна автоматика жөніндегі слесарь Саят Қалиев.

Қайта даярлауды он үш адамның тоғызы сәтті аяқтады. Қазір олардың жетеуі компанияға жұмысқа тұрған. Тағы екі тыңдаушы өз мамандығы бойынша бос орынның ашылуын күтіп, тағылымдамасын жалғастырып жүр.

«Мен дәнекерлеуді үйреніп шықтым. Қазір өз кәсібилігіме сенімдімін. Жетекшілер бәрін жақсы түсіндіріп, тәжірибелерімен бөлісті. Менің мақсатым – зейнетке шыққанша осы жерде адал жұмыс істеу», дейді электргазбен дәнекерлеуші Жасұлан Тұраров.

Жергілікті тұрғындармен өзара іс-қимыл жөніндегі менеджер Динара Шангереева айтуынша, бағдарламаға қатысушылардың қызығушылығы жоғары.

«Ақпаратты Telegram-арна, WhatsApp-топтар арқылы тараттық, кеңседегі күнделікті қабылдауларда да айтып жүрдік. Бұдан кейін тұрғындар өзі-ақ бір-біріне жеткізе бастады. Ең бастысы – қазір олар кәсіби біліктілігін арттырып, бәсекеге қабілетті болып шығып отыр», дейді ол.

Оның айтуынша, алғашқы нәтиже қысқа мерзімді кәсіптік даярлықтың өзекті екенін көрсетті. Ақтоғай мен Қопа тұрғындарының қайта даярлауға ниет білдірушілердің саны артып келеді.

Қызметкерлермен жұмыс жөніндегі басқарма бастығы Алмас Дәнібектің айтуынша, бастама өңір тұрғындары үшін жаңа мансаптық мүмкіндіктерді іске қосып қана қоймай, нақты кадрлық қажеттіліктерді өтеуге мүмкіндік берді: «Нәтижелер бұл форматтың болашағы бар екенін көрсетті. Әсіресе адамның базалық білімі бар болса. Бұл бағдарлама аймақ ішіндегі мансаптық мүмкіндіктерді құрудағы маңызды қадам болды.

Болашақ дайындық бағыттарына келетін болсақ, қызметкер айналымы жоғары және дайын қысқа оқу бағдарламалары бар мамандықтарға басымдық беріледі. Біз өндірістік сұраныстарға, айналым деректеріне және тұрғындар арасындағы қызығушылыққа назар аударамыз. Бұл статикалық бағдарлама емес – ол нақты тапсырмаларға бейімделетін икемді құрал болып қалуы керек».

Қызметкерлермен жұмыс жөніндегі жауапты маман Алмас Дәнібектің айтуынша, бастама өңір тұрғындары үшін жаңа мансаптық мүмкіндіктер ашып қана қоймай, нақты кадрлық қажеттіліктерді өтеуге де мүмкіндік берді.

«Нәтижелер көрсеткендей, бұл форматтың болашағы зор. Әсіресе қазір базалық білімі бар мамандар қажет өндіріске. Болашақта қысқа оқу бағдарламалары бар мамандықтарға бағытталмақ. Біз өндірістік сұраныстарға, кадрлық деректерге және тұрғындардың қызығушылығына назар аударамыз. Бұл статикалық бағдарлама емес – ол нақты тапсырмаларға бейімделетін икемді құрал болып қалуы тиіс», деді ол.

Абай облысы