АСТАНА. 21 наурыз. Индонезияда өтіп жатқан гандболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан шешуші сынға шыға алмады. Жапониямен болған жартылай финалдық ойында қыздарымыз 21:37 есебімен есе жіберді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Ойынның алғашқы кезеңінде жапон қыздары 17 мәрте біздің қақпаны дәл көздеді. Өз кезегінде Қазақстан құрамасы бұл кезеңде 11 нәтижелі соққымен жауап қатты. Ал ойынның екінші бөлігінде қарсыластарымыз 20:10 есебімен оңай жеңіске жетті.
Енді біздің команда ертең үшінші орын үшін Қытаймен күш сынасады. Ал Жапония Оңтүстік Кореямен чемпиондық атақты сарапқа салады.
Айта кетейік, қол добынан Қазақстан әйелдер құрамасы екі рет сары құрлықтың чемпионы атанды. Алғаш рет 2002 жылы топ жарған қазақстандықтар 2010 жылғы Азия чемпионатында бұл жетістіктерін қайталады. Сондай-ақ, екі рет 4, үш мәрте 5-орын алған Қазақстан құрамасы әзірге құрлықтың күміс және қола жүлдегері атанып көрген жоқ.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: nur.kz.
• 22 Наурыз, 2015
Гандболшыларымыз сары құрлықтың қола жүлдесіне таласады

Зейнетақы жинағының шекті деңгейі өзгереді: Енді ақша қалай есептеледі?
Қоғам • Бүгін, 13:48
Былтыр Астанада 14 бала терезеден құлап, көз жұмған
Елорда • Бүгін, 13:15
3,7 миллиард долларлық келісім: Тоқаев Жапония Парламентінің өкілін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:03
Жазадан құтыла алмайды: Нұрай Серікбайды өлтірген күдіктінің ақыл-есі дұрыс деп танылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:52
Жібек жолындағы қанды оқиға: Үш адамды өлтірген күдіктінің жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 12:42
Елімізде 1000-нан астам сарбаз грант иегері атанды: Толық тізім жарияланды
Әскер • Бүгін, 12:10
Қазақстанда жол сапасын дрондар бақылайды
Қоғам • Бүгін, 12:06
Атырау облысында ағайындылар арасында атыс болды
Оқиға • Бүгін, 11:40
Сенат резонанс тудырған жануарларға қатысты заңды Мәжіліске қайтарды
Заң • Бүгін, 11:33
Билікті басып алу әрекеті: Қамшыбек Тәшиевке екі бап бойынша айып тағылды
Әлем • Бүгін, 11:27
Қытайда бала бағып, үй жинайтын әмбебап робот пайда болды
Технология • Бүгін, 11:18
Білімге бөлінген қаржы тиімді жұмсалып жатыр ма?
Білім • Бүгін, 11:14