Саясат • Кеше

Әріптестік көкжиегі кеңейе түседі

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Азия даму банкінің (АДБ) Орталық және Батыс Азия бойынша бас директоры Лея Гутьерреспен кездесті.

Әріптестік көкжиегі кеңейе түседі

Вице-премьер Лея Гутьеррес­ті жылы қарсы алып, биылғы шілдеде қызметке тағайын­далуымен құттықтады. Ол 1994 жыл­дан бері жалғасып келе жат­қан көпжылдық әріп­тес­тік­тің маңызын атап өтті.

«Азия даму банкі – біз үшін стра­тегиялық әріптес. Ынты­мақ­тастық кезеңінде Банк көлік, энергетика, ШОБ, цифр­лық даму, әлеуметтік бірқатар маңызды жобаны қаржылан­дырды. Бүгінгі кездесу әріп­тестігімізді одан әрі нығайтуға, жаңа перспективалық бас­тамаларды жүзеге асыруға ықпал ететініне сенімдіміз. АДБ-ның Қазақстан бойынша 2023–2027 жылдарға арналған елдік стратегиясының негізгі басым­дықтары біздің ұлттық басым­дыққа толық сәйкес келеті­нін атап өткім келеді. Қазақстан бұдан әрі де осы стратегияны тиімді жүзеге асыруды қолдайды», деді ол.

Ынтымақтастық орнаған сәттен бастап АДБ Қазақстанға техникалық көмек пен грант түрінде 7 млрд доллардан аса қарыз берді.

Өз тарапынан Лея Гутьеррес қазақстандық тарапқа сындарлы диалогі үшін алғыс білдіріп, АДБ Жарғысын түзету бойынша дауыс беру кезін­де Қазақстанды қолдау­дың маңыздылығына тоқталды. Қажетті дауыс беру шегіне жетудің нәтижесінде түзету Банкті кредиттеудің жиынтық көлемін 50%-ға – 36 млрд доллардан асыруға мүм­кіндік береді. Оның айтуын­ша, бұл шешім АДБ-ның дамушы мүше елдердің басым міндет­терін шешудегі күш-жігерін қолдауды едәуір кеңейтеді.

«Біздің ынтымақтастығы­мыз­дың барысында 1994 жылдан бастап АДБ Қазақстанға  7 млрд доллардан көп қаражат берді. Біз дәстүрлі бағытта да, жаңа сек­торда да әріптестікті одан әрі арттыруға сенеміз», деді ол.

Ол сондай-ақ биыл АДБ стратегиялық материалдардың құн тізбегін қолдауға арналған аса маңызды минералдар саласындағы жаңа саясатты жүзеге асыруға кіріскенін хабарлады. Банк осы салада тұрақты әлеуеті бар еліміздегі жаңа жобаларды зерделеуге дайын.

Вице-премьер сондай-ақ, Қазақстан Үкіметі АДБ, ЕАДБ, ЕҚДБ және Дүниежүзілік банкті қосқан­да, халықаралық қаржы ұйым­дарының үздік әлемдік тәжі­рибесі мен ұсынымдарын ескере отырып, МЖӘ туралы заңна­маны жетілдіруде жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады.

Кездесу соңында тараптар көлік пен өнеркәсіптік инфрақұрылымда, технологияда, энергетикада, сыни материалдар саласында, тұрғын үй құрылысы мен басқа да сектордағы ынтымақтастықтың ағымдағы және перспективалық бағытын талқылады.

Соңғы жаңалықтар