Аталған іс-шара барысында полицейлер орман ішіндегі шағын көлдің маңында ірі аңның денесін сүйреп бара жатқан ер адамды байқайды.
Тексеру барысында оның қабанды өзіне тіркелген мылтықпен атып алғаны анықталды. Аңшы тек қоян ауламақ болғанын, бірақ сәті түсіп алдынан қабан кездескенін, мұндай үлкен олжадан айырылып қалғысы келмегенін айтқан. Алайда полиция аңшының бұл әрекетін қылмыс деп бағалап отыр. Өйткені оның қабан аулауға рұқсат ететін арнайы лицензиясы болмаған.
«Қыркүйектен желтоқсанға дейін өңірде қабан атуға рұқсат берілгені рас. Бірақ аңшының арнайы рұқсат құжаттары болуы міндетті. Ондай рұқсатсыз атылған әрбір оқ қылмыс болып саналады. Енді ер адам заңсыз аң аулау бабы бойынша заң алдында жауап береді», дейді облыстық ПД-ның баспасөз орталығы.
Қостанай облысы