Аймақтар • Бүгін, 15:00

Қостанай облысында жоғалып кеткен әйел аман-есен табылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сарыкөл ауданындағы Сорочин ауылының тұрғыны мал іздеп шығып, қалың тұманда адасып кеткен. Артынан іздеп шыққан туыстары таба алмаған соң, полицияға хабар берген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында жоғалып кеткен әйел аман-есен табылды

«Іздеуге құтқарушылар, полиция және ауыл әкімдігі қызметкерлері жұмылдырылды. Бірнеше сағаттан кейін жоғалған әйел Краснознаменка мен Қараоба ауылдарының аралығындағы ашық алқаптан табылды. Азаматшаның денсаулығы жақсы, аман-есен үйіне жеткізілді», деп мәлімдеді облыстық ТЖД.

Төтенше жағдай департаменті тұрғындарға ауа райының құбылмалы кезінде елді мекеннен алысқа ұзап шықпауды ескертеді.

 

Қостанай облысы