Тағзым • Бүгін, 07:38

Жаратқан алдынан жарылқасын

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Академик Жабайхан Әбділдинмен 1994 жылдан Ұлттық ғылым академиясын Ғылым және жаңа технология­лар министрлігімен қосқанға дейін (1996) қызметтес болдым.

Жаратқан алдынан жарылқасын

Сурет: inbusiness.kz

Екеуміздің академиядағы қызметтік бөлмелеріміз қарсы орналасқан еді. Ағамыз ҰҒА-ның вице-президенті әрі Қазақстан Жоғарғы кеңесінің (Парламент) депутаты болды. Сондықтан көбіне сол жұмысында жүретін. Одан сәл ертерек Қазақстан мемлекеттілігінің түрін анықтау керек болған кезде кейбір депутаттар көпұлтты федералдық мемлекет болуымыз керек деп көкезулікке салғанда, академик Жабайхан Мүбәрәкұлы. Бізде жергілікті халық біреу, сондықтан Қазақстанға уни­тарлық мемлекеттіктен басқа жол жоқ», деп ұзаққа созылған пікірталасқа нүкте қойғызғанын халқымыз ұмытпауы керек.

Жабайхан Мүбәрәкұлы – елімізде философтар ғылыми мектебін құрған, оның диа­лектикалық логика бағытының негізін салған ғалым. Жаратқан алдынан жарылқасын.

 

Сәбит Байзақұлы,

ҰҒА академигі

Соңғы жаңалықтар

Батыр мұрасы насихатталды

Қоғам • Бүгін, 07:55

Роботтар да оқитын заман

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Көмілген қала табылды

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45

Ел мұңын жазған шығарма

Басылым • Бүгін, 07:40

Жаратқан алдынан жарылқасын

Тағзым • Бүгін, 07:38

Димаштөбедегі ашық мұражай

Музей • Бүгін, 07:35