Ауа райы • Кеше

Тұман түсіп, көктайғақ болады: еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Синоптиктер 4 желтоқсан күні елордада және Қазақстанның 14 өңірінде дабылды ескерту жарияланды. Еліміздің басым бөлігінде тұман түседі, көктайғақ болады, қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Тұман түсіп, көктайғақ болады: еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Астанада кей уақытта тұман түседі, көктайғақ болады.

Ақмола облысында түнде қар жауады, күндіз жаңбыр, қар жауады. Солтүстігі мен шығысында бұрқасын соғады. Батысында, оңтүстігі мен шығысында тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстігі мен шығысында 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, қар жауады, көктайғақ болады, бұрқасын соғады. Батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Түнде солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жел 15–20 м/с жылдамдықпен соғады, күндіз де 15–20 м/с, оңтүстігінде 23 м/с жылдамдықпен соғады.

Қостанай облысында түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады, батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Павлодар облысында батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр, қар жауады, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Күндіз батысында және оңтүстігінде жел 15–20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қарағанды облысында түнде батысы, солтүстігі мен шығысында қар жауады, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Күндіз солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады. Солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз солтүстігі мен шығысында 15–18 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ұлытау облысында солтүстігі, шығысы және орталығында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз батысы, солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады, түнде және таңертең солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі.

Абай облысында батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады, қар жауады, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі.

Ақтөбе облысында батысы, шығысы және оңтүстігінде тұман түседі.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең солтүстік-батысы мен орталығында тұман түседі.

Атырау облысында түнде және таңертең солтүстігі, батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысында батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Қызылорда облысында күндіз оңтүстігінде көктайғақ болады, солтүстігі мен орталығында тұман түседі.

Түркістан облысында солтүстігі, оңтүстігі және таулы аудандарында тұман түседі. Таулы аудандарда жел 15–20 м/с жылдамдықпен соғады.