Спорт • Бүгін, 09:08

WBO Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты тексерісті бастады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Ерікті антидопинг қауымдастығынан (VADA) орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының сынамасына қатысты хабарлама алғанын растады. WBO отандасымыздың талдауындағы допингтің оң нәтижесіне қатысты тексеруді бастаған, деп жазады Egemen.kz.

WBO Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты тексерісті бастады

Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Ұйым бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 

«WBO ережелеріне сәйкес біз әрдайым адалдықты, спортшылардың қауіпсіздігі және шынайы бәсекелестікті қолдаймыз.  Сондықтан WBO өзінің ішкі тергеуін бастайды», делінген WBO таратқан хабарламада.

Мұндай тексеріс Жәнібек Әлімханұлының кубалық Эрисланди Лараға қарсы үш белбеу үшін жекпе-жегінің алдында өткізілген. 

Отандасымыздың өзі оқиғаға қатысты пікір білдіріп, жаңалықты оқығанда таңғалғанын мәлімдеді. 

«Мен әрқашан таза спорт үшін күрескенмін, баршаңыз мұны жақсы білесіздер. Жаңалықты оқығанда қатты таңғалдым. VADA алғашқы тесттің таза екенін айтты. Мен ешқандай дәрумен қабылдау тәртібін өзгертпедім. Екінші тестте не болғанын білмеймін, сондықтан толық қайта тексеруді талап еттім», деп жазды ол өзінің Х парақшасында.

Жәнібек Әлімханұлының допинг тестінен өтпей қалғанын бірінші болып «The Ring magazine» кәсіпқой бокс басылымы хабарлады. 

Айта кетейік, 7 желтоқсан күні отандасымыз, кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы үш белбеу үшін кубалық Эрисланди Лараға қарсы тарихи жекпе-жегін өткізуі керек еді. Дәл қазір жекпе-жек тағдыры қыл үстінде тұр.