Сурет ашық дереккөзден алынды
Тәжірибеге 18–40 жас аралығындағы бірнеше ерікті қатысқан. Бірінші топ әлемдік сурет өнерінің шедеврлерін түпнұсқа күйінде тамашалады. Ал екінші топ дәл сол картиналардың көшірмесін көріп отырды. Зерттеу барысында қатысушылардың жүрек соғысы, дене температурасы және сілекей құрамындағы көрсеткіштер бақылауға алынған. Нәтижесінде, түпнұсқаны көрген адамдардың стресс гормоны 22 пайызға төмендеген. Ал көшірмені көргендерде бұл көрсеткіш бар болғаны 8-ақ пайыз. Ғалымдардың айтуынша, мұндай әсер жүрек-қан тамыр жүйесіне, күйзеліс деңгейіне және психикалық саулыққа оң ықпал етіп, кей аурулардың алдын алуға да көмектесуі мүмкін.