Сурет ашық дереккөзден алынды
Қытайлық зерттеуші Аллен Ли ойлап тапқан бұл шешім – құлаққап арқылы арқаңызды тік ұстауға көмектесетін нағыз «ақылды нұсқаулық». Қосымша сіздің мойын мен арқа тұсыңыздың қозғалысын нақты уақыт режімінде өлшеп отырады. Үнемі еңкейіп кетуге бейім болсаңыз, құлаққап бірден дыбыстық белгі береді. Жасанды интеллект әр қолданушыға жеке ұсыныстар айтып, арқа бұлшық еттерін жақсартуға көмектеседі. Аталған технология «App Store» дүкенінде осы жылдың соңына дейін қолжетімді болмақ.