Аймақтар • Бүгін, 13:00

Еліміздің екі өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ауа райының бұзылуына байланысты Ақтөбе және Қостанай облысындағы жол учаскелерінде көлік қозғалысы шектелгенін хабарлады. Өңірлердегі жол бөліктерінде көлік қозғалысына сағат 12:30-дан бастап рұқсат етілмейді, деп жазады Egemen.kz.

Еліміздің екі өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды

Фото: orda.kz

Ақтөбе және Қостанай облыстары арқылы өтетін «Қостанай-Рудный-Денисовка-Комсомольское-Қарабұтақ» автожолының бастапқы шақырымынан 309 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақтөбе облысының шекарасынан Адаевка ауылына дейін, Қарабұтақ елді мекенінен Қостанай облысының шекарасына дейін) қоғамдық және жүк көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.

Аталған жолды бүгін сағат 19:00-де ашу жоспарланған.