Әскери бөлім командирінің орынбасары Мейрам Қаппасовтың айтуынша, атыраулық сарбаз әскер қатарына көктемде шақырылыпты. Әскерге дейін спортпен айналысып, халықаралық сайыстарда тәжірибе жинаған.
«Жақында Астана қаласында өткен Азия чемпионатына 16 мемлекеттен 800-ге жуық спортшы қатысты. Бұл бәсекеде біздің сарбазымыз Айдос Бекболсынов
65 кило салмақта бақ сынап, Азия чемпионы атанып отыр», дейді Мейрам Қаппазов.
Құрлықтық доданың жеңімпазы атанған Айдос Бекболсыновтың айтуына қарағанда, әскери бөлімде сарбаздарға барлық жағдай жасалған. Ал өзіне Азия чемпионатына тыңғылықты дайындалуына мүмкіндік беріліпті.
«Бұл – басқа сайыстардан бәсі биік дода. Алдымен елдің, қазақтың абыройын асқақтатуды көздедім. Қарсыластың осал тұсын табар тәжірибе де қажет. Елорда төрінде өткен құрлық бәсекесінде Азия чемпионы атанғанымды мақтан етемін», дейді Айдос Бекболсынов.
Атырау облысы