Жомарт жан» сыйлығы 2016 жылдан бері өңірдегі қолы ашық, қайырымды ісі көп кәсіпкерлерге, ұлтаралық келісім мен бірлікті нығайтуға атсалысып жүрген белсенді азаматтарға беріліп келеді.
Салтанатты іс-шарада облыс әкімінің орынбасары 25 адамға Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалін, Қазақстан халқы Ассамблеясының және Мәдениет және ақпарат министрлігінің алғыс хаттарын табыс етті.
Марапат иелерінің әрқайсы өз саласында табысты еңбек етіп, айналасына шарапатын тигізіп жүрген жандар. Мәселен, Амангелді өңірінің абыройын асырып, ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген кәсіпкердің бірі – көп балалы ана Жанерке Өтегенқызы.
«Томи нұр» шаруа қожалығын басқаратын кәсіпкер көп жылдан бері қайырымдылықпен айналысып келеді. Мәселен, биыл облыстық «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында ауыл оқушыларына қажетті оқу құралдарын таратты. Жанерке Өтегенқызы мұқтаж отбасыларға үзбей қолдау жасап, көмек көрсетіп отырады.
«Бүгін біздің азғантай еңбегімізді жоғары бағалап, құрмет көрсетіп жатыр. Өте ризамын. Өзім де көп балалы ана болғандықтан, бала бағудың қандай қиын екенін жақсы білеміз. Сондықтан шамамыз жеткенше, жалғызбасты аналарға, көп балалы отбасыларға, зағиптарға қол ұшын беріп тұруды парыз санаймыз», дейді кәсіпкер.
Қостанай облысы