Алматы • Бүгін, 01:27

Алматы халқы 2040 жылға таман 3,6 млн адамға жетеді

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«АлматыБасжоспар» ҒЗИ бас директоры Асхат Садуов өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде хабарлағандай, жаңартылған есептеулерге сәйкес 2030 жылға қарай қала халқының саны 2 млн 750 мың адамға жетеді, ал 10 жылдан кейін 3,6 млн-ға дейін көбеймек, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы халқы 2040 жылға таман 3,6 млн адамға жетеді

«Біз жаңа Алатау қаласы мен іргелес агломерацияны ескере отырып, тығыздықты барлық полицентрлер бойынша біркелкі бөлуді жоспарлап отырмыз. Негізінен, қаланың сыйымдылық сипаттамалары бұған мүмкіндік береді. Халық өсімінің 35%-ы – табиғи өсім, ал 65%-ы – механикалық өсім, яғни, бұл үнемі өсіп келе жатқан көші-қон ағыны», деді ол.

2023 жылдың қаңтарында Алматының жаңа бас жоспарын дайындау барысында 2040 жылға қарай мегаполис халқының саны 3 млн адамға жетуі мүмкін екені хабарланды. Азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету үшін 45,6 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған болатын.
2023 жылғы мамырда Үкімет Алматының 2040 жылға дейінгі бас жоспарын бекітті, алайда қазір құжат түзету кезеңінен өтіп жатыр. 
Қазір Алматыда 2 млн 292 мың адам тұрады. 

Бас жоспар аясында Алматыда 5 полицентр пайда болады: 

• Солтүстік: «Алматы-1» станциясының жанында орналасқан. Мұнда қызмет көрсету саласы мен шағын бизнес дамытылады, сондай-ақ демалыс аймақтары құрылады.

• Батыс: «Алматы-3» жаңа вокзалының және Боралдай кентінің ауданында орналасқан. Мұнда жаңа көлік хабы, үлкен парк (90 гектар) және көпсалалы аурухана салынады.

• Оңтүстік-батыс: Райымбек даңғылы мен Алатау көшесінің жанында орналасқан. Мұнда өнеркәсіптік парктер, сауда және логистикалық орталықтар орналасады.

• Тарихи орталығы: Медеу ауданындағы «алтын шаршы метр». Мұнда ғимараттар қалпына келтіріледі, өнеркәсіпке тыйым салынады.• Шығыс қақпасы: Талғар және Құлжа трактілерінің ауданы. Мұнда ірі логистикалық хаб орналасады.