Футбол • Бүгін, 14:30

«Копенгаген» – «Қайрат» ойынын қайдан көруге болады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның «Қайрат» футбол клубы Данияның «Копенгаген» командасымен Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 5-туры аясында кездесетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz

«Копенгаген» – «Қайрат» ойынын қайдан көруге болады

26 қараша күні Копенгагендегі (Дания) «Паркен» стадионында Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 5-туры аясында Алматының «Қайрат» клубы мен стадион иесі – Данияның «Копенгаген» командасы арасында матч өтеді. 

Данияның «Копенгаген» командасы мен Алматының «Қайрат» командасы арасындағы кездесу Қазақстан уақытымен 22:45-де басталады.

Матчтың тікелей трансляциясын Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ телеарнаның ресми сайтынан көруге болады.

Айта кетейік, қазіргі уақытқа дейін даттық команда бір ғана ұпай жинады. Германияның «Байер» командасымен тең түсті (2:2).

Одан кейінгі үш ойында қарсыластарынан жеңіліп қалған еді («Қарабахтан» (0:2), «Боруссиядан» (4:2) және «Тоттенхэмнен» (0:4).

«Қайрат» командасы да бір ұпайын «Пафосқа» қарсы (0:0) ойында тең түсу арқылы алды. Сонымен қатар командалардың гол айырмасы ұқсас: даттықтарда - 8, ал қазақстандықтарда - 9.