Төтенше жағдай • Бүгін, 18:35

Атырау облысында жылыту маусымы басталғалы 25 өрт тіркелді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында 1 қазаннан бері 25 өрт оқиғасы тіркеліп, 1 адам көз жұмды, деп жазады Egemen.kz.

Атырау облысында жылыту маусымы басталғалы 25 өрт тіркелді

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Бағдат Абдуллиннің айтуынша, өрттің тұтануының екі себебі анықталған. Оның бірі – электр сымының қысқа тұйықталуы, ал екіншісі – пешті дұрыс пайдаланбау. 

«Биыл департамент мамандары әлеуметтік тұрмысы төмен топтағы отбасылар тұратын 1700-ге жуық тұрғын үйге барып, қауіпсіздікті сақтау жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізілді. Тұрғын үйлерге қауіпсіздік мақсатында 200 газ, 136 түтін дабылқаққышы орнатылып жатыр», деді Бағдат Абдуллин. 

Оның дерегіне сүйенсек, жыл басынан бері табиғи газдан улануға байланысты 5 дерек тіркелген.

«Жылыту маусымында пештер мен мұржаларды уақытында тазалау қажет. Электр құралдарын шамадан тыс пайдаланбаған жөн», деп мәлім етті Бағдат Абдуллин.