Қаржы • Кеше

Әлемдегі мемлекеттік қарыз – 111 трлн доллар. АҚШ-тың берешегі – 38 трлн доллар. Қазақстанның қарызы қанша?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылы әлемдегі жалпы мемлекеттік қарыз шамамен 111 триллион АҚШ долларын құрайды. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 8,3 трлн долларға өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемдегі мемлекеттік қарыз – 111 трлн доллар. АҚШ-тың берешегі – 38 трлн доллар. Қазақстанның қарызы қанша?

Фото: Ашық дереккөз

АҚШ-тың мемлекеттік қарызы шамамен 38 трлн АҚШ долларын, ол елдің ЖІӨ‑сінің 125 %-ын құрайды. Қытайдың қарызы – 18,7 трлн доллар, бұл өсімнің негізгі себебі – мемлекеттік ынталандыру шаралары мен жер сатылымдарынан түсетін табыстың төмендеуі, әсіресе тұрғын үй секторындағы мәселелерге байланысты.

Қытайлық Макао (0,0%) және Лихтенштейн (0,5%) дерлік нөлдік борышқа ие. Ал, Жапония (229,6%) және Судан (221,5%) ЖІӨ-ден бірнеше есе асып түсетін деңгейде. Жапонияның борышы халықтың қартаюы мен онжылдық фискалдық ынталандыру шараларынан туындап отыр.

Сингапурда ЖІӨ-ге қатысты борыш – 175,6%, бірақ бұл бюджет тапшылығымен емес, инвестициялау және ішкі қаржы ағындарын басқару мақсатында алынған. Нәтижесінде, номиналды борыш үлкен болса да, ол құны қарыздан артық активтермен қамтамасыз етілген.

Жоғары борышы бар басқа елдерге Грекия (146,7%), Бахрейн (142,5%), Италия (136,8%), Мальдив (131,8%), АҚШ (125%), Сенегал (122,9%), Франция (116,5%) кіреді.

Ал, Қазақстанның мемлекеттік борышы – 74,4 млрд доллар, ЖІӨ-ге қатынасы – 24,8%. Еліміз 25-ші орында тұр.

Өзбекстанда және Қырғызстанда мемлекеттік борыш деңгейі жоғары: тиісінше 31,1% және 37,8%. Ресейдің мемлекеттік борышы – 586,9 млрд доллар, ал, өңірдегі мемлекеттік борыш деңгейі ЖІӨ-нің 40%-ынан аспайды, бұл әлемдік стандарт бойынша орташа деңгейге сәйкес.