Президент • Бүгін, 13:19

Головкин өзін құттықтаған Тоқаевқа алғыс айтты

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайланған Геннадий Головкин мемлекет басшысына алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Головкин өзін құттықтаған Тоқаевқа алғыс айтты

фото: Ақорда

«Құрметті президент, құттықтауыңыз үшін үлкен рахмет! Сіздің қолдауыңыз бен сеніміңізді әрдайым сезінемін», деп жазды Головкин әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтаған еді. 

Айта кетейік, Геннадий Головкин 23 қарашада World Boxing ұйымының басшысы болып сайланды. Оның кандидатурасы Римде (Италия) өткен Конгресс барысында мақұлданды. Бұл лауазымға екі үміткер болғанымен, сайлауға жіберілген жалғыз кандидат – Геннадий Головкин болды.

Геннадий Головкин – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, 2003 жылғы әлем чемпионы және 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Профессионалдық рингте ол 45 жекпе-жек өткізіп, 42 рет жеңіске жетті, оның 37-сі – нокаут. Екі рет жеңіліп, бір жекпе-жекте тең нәтижеге қол жеткізген.

World Boxing – 2023 жылы құрылған, әлемдік деңгейде әуесқой боксты дамыту және реттеу міндетін атқаратын халықаралық ұйым.

2024 жылғы қыркүйекте Головкин ұйымның Олимпиадалық комиссиясын басқарды. Оның еңбегінің арқасында түрлі елдердің федерациялары World Boxing-ті мойындап, бокс 2028 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасында сақталып қалды.