Фото: istockphoto.com
ҚазАвтоЖол мәліметінше, Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы жолының 1104-1191 шақырымы аралығы жабылады. Бұл жол бөлігі – Глубокое ауылынан Шемонаиха қаласына дейінгі жерді қамтиды.
Сонымен қатар, Өскемен-Риддер-РФ шекарасы жолының 15-105 шақырымы аралығы уақытша жабылады. Бұл –Белоусовка ауылынан Риддер қаласына дейінгі жер.
Аталған жол бөліктері 25 қарашада сағат 21:30-да ашылады деп жоспарланып отыр.