Оқиға • Бүгін, 10:23

Абақтыға 8 телефон алып кірмек болған: Ұлттық ұлан сарбаздары қырағылық танытты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аршалыдағы қауіпсіздігі барынша жоғары түзету мекемесі аумағына тыйым салынған заттарды жасырын өткізбек болғандардың әрекеті дер кезінде тоқтатылды, деп жазады Egemen.kz.

Абақтыға 8 телефон алып кірмек болған: Ұлттық ұлан сарбаздары қырағылық танытты

Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Нысан аумағындағы көмір үйіндісінен белгісіз түйіншек табылған. Жедел бөлім күдік тудырған затты дереу тіркеп, тексерген. 

3 сыныпты сержант Нұрбол Аштаев пен оның қызметтік иті тексеру барысында түйіншекке жасырылған 8 мобильді телефон мен екі SIM-картаны тапқан. 

вв

Анықталған дерек бойынша материалдар тиісті органдарға одан әрі тергеу жүргізу үшін жолданған.

Осылайша Ұлттық ұлан сарбаздары қырағылық танытып, заңсыздықтың жолын кесті.