Фото: Ашық дереккөзден
Полиция қызметкерлері үш күн ішінде мал тасымалдаған 12 мыңнан астам көлікті, 3,5 мыңнан аса сатып алу орындары мен 8 мың шаруа қожалық пен ферманы тексерді.
Нәтижесінде Астана мен Алматы қалаларында алты заңсыз мал сою цехы, елорда базарларының бірінде ет сатуға арналған жалған мөр қолдану фактісі анықталды.
Жедел ашылған 107 мал ұрлығы фактісінің арқасында 800-ден астам мал иелеріне қайтарылды.
«Павлодар облысында алты эпизод бойынша 43 бас ірі қара малды ұрлаған төрт адамнан құралған топ ұсталды. Жетісу облысында да 50 бас ірі қараның ұрлығына қатысы бар төрт адамнан тұратын топ анықталып, қылмыс дер кезінде тоқтатылды. Ақтөбе облысында полицейлер жайылымда жоғалған 20 жылқыны тауып, иелеріне қайтарып берді», деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің басқарма бастығы Жандос Мұхатов.
ІІМ шаруаларға мал басын таңбалап, төрт түлік жоғалған жағдайда уақыт оздырмай полицияға хабарлауға кеңес беріп отыр.