Спорт • 22 Қараша, 2025

Сахнадан – бозкілемге

1 мин
оқу үшін

Орал қаласында қазақша күрестен «Өнер барысы» турнирі өтіп, оған облыстың мәдениет және өнер қызметкерлері қатысты.

Сахнадан – бозкілемге

«Жайық арена» спорт кешенін­де өткен тартысты іс-шараны Батыс Қазақстан облыстық дене шынық­тыру және спорт басқармасы мен Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония ұйымдастырған еді. Турнирге Жаңа­қала, Қазталов және Сырым аудандарынан, Орал қалалық мәдени-ағарту бірлестігі ұжы­мынан және облыстық филармониядан да күреске бейімі бар мәдениет қызметкерлері қа­тысты.

Сахнада, мәдени іс-шараларда көрінетін өнерпаздар бозкілемде белдесіп, өздерін жаңа қырынан танытты. Өте тартысты өткен додада Сырым ауданының командасы жеңімпаз атанды. ІІ орын облыстық филармонияның «Атамекен» командасына бұйырса, жүлделі ІІІ орынды Жаңақала ауданынан келген палуандар қанжығасына байлады. Жүлдегер және жеңімпаз командалар диплом, медаль, қаржылай сый­лықпен марапатталды.

 

Батыс Қазақстан облысы 

Соңғы жаңалықтар

Сіз білесіз бе?..

Әдебиет • Бүгін, 09:56

Шәмілге арналған шумақтар

Әдебиет • Бүгін, 09:47

Жыр жанарындағы мөлдір тамшы

Әдебиет • Бүгін, 09:42

Түлектердің туған жерге тартуы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:40

Кіші Аралдың ауқымы ұлғайды ма?

Экология • Бүгін, 09:35

Бибісара көш бастап тұр

Шахмат • Бүгін, 09:31

Ақтоғай жарыққа жарымай отыр

Мәселе • Бүгін, 09:27

Арулар сайысы

Байқау • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:13